Тиматиді аузына қаратқан қазақ қызы өзін ашық-шашық киінеді деп сынайтындарға жауап берді
Ресейлік «Песни» шоуы арқылы танымалдыққа ие болған қазақ әншісі Назима Жәнібекова батыл образдарымен ерекшеленеді. Сондықтан болар, оның ашық-шашық киінгенін сынайтындар қарасы да көп. Өз кезегінде әнші киімі үшін сөгіп, жағымсыз пікір қалдыратындарға жауап берді.
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz жазады.
Әншінің айтуынша, ол қысқа киім киіп шыққанда, өзі де қобалжиды екен. Алайда киім туралы ойласам, тиісті деңгейде өнер көрсете алмас едім, дейді Назима.
«Бұл сахналық образ. Мен өзімнің қандай қадамға барғанымды білдім. Түрлі сындарды естуге де дайын болдым. Қысққа шорты киген кезде өзім де қобалжыдым. Алайда сахнаға шыққан кезде өзімді тыныштандырдым. Егер шорты туралы ойласам, өзім қалаған деңгейде өнер көрсете алмаймын», – дейді Назима Жәнібекова.
Оқи отырыңыз:
Роза Рымбаеваның мүгедек арбасына таңылған тыңдарманына деген ілтипаты елдің жүрегін елжіретті
Астанада Қайрат Нұртас пен Дима Билан ән шырқайды
Ақбота Керімбекова: Бұйырса келін аламыз, ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады
Ақбота: Мен қымбат көйлек киіп, гауһар тақпайтын себебім – бар табысымды балаларыма саламын