Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тілімнен таптым": Марқұм Көпен Әмірбектің кіші жұбайы бірінші отбасымен қарым-қатынасын айтып берді

Танымал сатирик марқұм Көпен Әмірбектің жұбайы Әйгерім Асанова ел алдына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: бағдарламадан скриншот

Марқұмның жұбайы өнер иесінің неден көз жұмғанын “Астарлы ақиқат” бағдарламасында айтты. Сатирик 65 жасында өзінен 36 жас кіші аруға үйленіп, Жұбаныш атты ұл сүйген еді. Ал бірінші жарынан бір ұл, бір қызы бар.

“Көп ауырған жоқ. Біз өзіміз де тез кетіп қалады деп күтпедік. Асқазанына ота жасады. Соны көтере алмады. Жұбаныштың есімін "жасым келгенде жұбанайын" деп қойған еді.  Жұбанышты өнерге жақындатқысы келмеді. Әскери салаға барса екен деп армандайтын. Бірақ үшке толысымен өзімен бірге алып жүретін. Құдай қанша ғұмыр берер дейсің, қасымда жүрсін әрдайым деп, ертіп кететін. Кішкентай Жұбаныштың қызығын көріп, үйлендіріп, соның баласын құшағыма басып кетсем ешқандай арманым жоқ дейтін. Өкінішке қарай ол арманына жетпеді. Қазір Жұбаныш жігіт болып қалды. Тоғыз жасқа толды. "Абайдың туған күнінде туған, бұл өзі тегін бала емес деп айтып отыратын". Жұбаныш та әкесі сияқты әзіл-қалжыңға жақын", – дейді Әйгерім Асанова.



Сонымен қатар сатириктің бірінші отбасымен де қандай қарым-қатынаста екенін жасырмады. 

“Алланың алдында арым таза. Біреудің өмірін бұзғаным жоқ. Жас айырмашылығымыз – 36 жас. Өзім әжемнің қолында өскеннен кейін болар, мектепте оқитын кезімнен үнемі үлкен адамға тұрмысқа шығамын деп айтатынмын. Әжем "түзу сөйле, сөздің киесі бар" деп ұрсатын. Солай өз тілімнен тапқаным ғой. Бірақ өкінішім де жоқ. Көпеннің бірінші отбасымен, балаларымен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Балалар бір-бірімен араласып тұрады. Кеше де бірге болдық. Алматыға отбасылық бір іс-шараға келдік", – деді кіші жұбайы. 

Еске салайық, марқұм көзі тірісінде “Бәйбішем мен тоқалымның арасы жақсы емес” деп сұхбат берген еді. 

Талқылау