Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тез арада арықтаңыздар": Түркіменстанда артық салмағы бар әртістерге сахнаға шығуға тыйым салынбақ

Түрікменстан өнерпаздарыФото: tdh.gov.tm

Түркіменстанда мәдениет қайраткерлеріне 27 қыркүйекте атап өтілетін Тәуелсіздік күніне дейін артық салмақтан арылып, дене бітімін қалпына келтіруге бұйрық берілді. Бұйрықты елемегендерге сахнаға шығуға және түсірілімдерге қатысуға тыйым салынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында Сапармұрат Түркіменбашы атындағы мемлекеттік драма театрының әртістері, Түркіменстанның Балқан аймағындағы мәдениет ошақтарының қызметкерлері және танымал әншілер "тез арада арықтаңыздар" деген ауызша ескерту алған.

Тіпті еңбек сіңірген және халық әртісі атағын алғандарға да жеңілдік жасалмалаған. Оларға артық салмақтан арылуға бұйрық берілген, әйтпесе олар сахнада өнер көрсете алмайды, теледидарға шыға алмайды.

Мәдениет саласында еңбек етіп жүрген адамдардың бірінің айтуынша, артық салмағы бар әріптестеріне түрлі салтанатты шараларға қатысуға рұқсат бермеу мәселесі бұрын да көтерілген. Бұған елде жүргізіліп жатқан салауатты өмір салтын, спортты және дұрыс тамақтануды насихаттау себеп болған. Мұны бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедов те, оның ұлы, қазіргі президент Сердар Бердімұхамедов те қолдап отыр.

Аида Тақабаева
Бейсенбі, 28 Тамыз, 2025 10:38
Талқылау