Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тесік тостаққа сауап жинап жүргендейміз": Сәкен Майғазиев тәлім-тәрбиеге толы жазба жариялады

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев оқырмандарын жақсы сөз айтуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

Өнер иесі алдымен тәлім-тәрбиеге толы оқиғаны бөлісті. 

“Бір наубайшы кейбір нан сатып алушылардың өзіне берген ақшаның жалған екенін біле тұра, байқамаған болып, нанды бере береді екен. Өлім сәті жеткенде төсек тартып жатқан наубайшы Аллаға жалбарынып жатқан көрінеді: “Я, Раббым! Сен бәрін білушісің. Қаншама адам мені “алдап соқтым” деп жалған ақша беріп тұрса да, мен нанымды тегін таратып, адамдардың қалағанын бердім. Енді мен де сенің алдыңа жалған құлшылықтарыммен келе жатырмын. Бетіме баспай, қабыл қылғайсың” депті”, – деп әңгімесін бастады әнші. 



Сонымен қатар өнер өкілі жалған сөйлеп, өсек пен сөз теретін оқырмандарын жақсылыққа үндеді. 

“Ораза, намазымызды жүрдім-бардыммен, өмірімізді өсек-аяңмен өткізіп, жалған жалбарынып жүрген біздерді Алла тағала өз мейірімімен кешіргей. Қаңқу әңгімеге құлағымыз түріліп, құлшылықтарымыздың құнын кетіріп, тесік тостаққа сауап жинап жүргендейміз. Ендеше, қалған өмірімізді өсек, ғайбат айтпай, жанжалдаспай, бәле іздемей, қайырлы, құтты, берекелі, мерекелі, керемет етіп өткізейік”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Еске салайық, Сәкен Майғазиев желіде бір немересін ұрып, екіншісін тербетіп отырған әжеге қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау