Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тері ауыстыру операциясы қажет болған: Маңғыстау облысында 3 жасар бала жеке балабақшада жарақат алды

маңғыстау облысыФото: Lada.kz

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында үш жасар бала жеке балабақшада ауыр жарақат алды. Ата-ананың айтуынша, бала саусағындағы тырнағын жоғалтып, тері ауыстыру операциясына мұқтаж болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ата-анасының сөзінше, бұл жағдай 25 тамызда, балабақшаның бірінші күні болған.

"Шамамен сағат 11:30-да тәрбиеші телефон шалып, баламыздың қолын стаканмен кескенін айтты. Келгенде көргенім саусақты шкаф есігі қысып кеткен, тырнақ толықтай кесілген, саусақ қатты қанап тұрды", – деді анасы.

Ата-аналар тәрбиеші алғашқы көмек көрсетпеді және жедел жәрдем шақырмады деп мәлімдеді.

"Біз өзіміз облыстық балалар ауруханасына апардық. Онда жағдай ауыр екенін айтып, сүйекті жабу үшін шынтақтан тері алынғанын айтты. Дәрігер операция болмаса, саусақ мүгедек болып қалуы мүмкін екенін ескертті", – деп жеткізді анасы.

Полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Анасының айтуынша, оларға жағдайды ұмыттыру үшін материалдық өтемақы ұсынған.

"Тырнақ жоқ, жұмсақ тін жоқ, тек сүйек қалды. Сүйекті жабу үшін білектен тері алынды. Біз баланың тырнағын қалпына келтіретін толық пластикалық операцияны балабақша төлесін дедік. Бірақ әкімшілік 200 мың теңге ұсынып, мәселені жабуды талап етті. Біз бас тарттық. Баламның болашақта тырнағы сол жерде болғанын қалаймын, кесек емес. Кері жауап "Сотқа бергіңіз келе ме, беріңіз, максималды айыппұл болады" деді", – деді баланың анасы.

Қазір бала операциядан кейінгі емін қабылдап жатыр. Ата-аналар әділдік талап етіп, өңірдегі балабақшалардың қауіпсіздігіне қатаң бақылау орнатылуын қарастырып отыр.


"Аузында қанға толған дәке": Қарағанды облысында бүлдіршін балабақшада жарақат алды


Алматыда балабақшада бүлдіршінді тұншықтырып, ұрып-соққан тәрбиеші сотталды


Еске салайық, бұған дейін Ақтаудағы жеке балабақшада қыз бала қатарластары тарапынан ұрып-соғылғанын жаздық. Баланың анасы қызметкерлердің 40 минут бойы балаларды қараусыз қалдырғанына наразы. Қыздың денесінде көгеру, жара және тістеу іздері бар, сондай-ақ миы шайқалғаны анықталды. Полиция "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 10 Қыркүйек, 2025 17:05
Талқылау