Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тергеуге кедергі келтірген: Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты іс қозғалды

Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеуге кедергі келтіру туралы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

минздрав

"Қаржы мониторингі комитеті осы жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты тергеуге кедергі келтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 407-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мұндай құқық бұзушылықтар үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айыпталушылар қылмыстық процеске қатыспаса да lенсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу барысы мен нәтижелері туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты заңсыз жинау,беру және жариялау арқылы тергеуге араласқаны атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат сот мүддесі үшін жария етілмейді.

Еске салайық, 3 қарашада қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол бюджет ақшасын жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды.

Осыдан кейін Қазақстан дәрігерлері бірлесіп оны үй қамағына босату туралы хат жазды. Тіпті оны қолдауға арналған петиция басталды. Келесі кезекте Нұр-Сұлтан сотына белгілі дәрігерлер мен депутаттар кепілдеме берді. Нәтижесінде Біртанов 7 қарашада үй қамағына алынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр