Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Теңіз кен орнындағы қалашықтан бірнеше притон табылғаны рас па? Полиция жауабы

Мессенджерлерде Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтан аумағында притондардың бар екені туралы ақпарат тарауда. Алайда Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атыраудағы көтеріліс

«Әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджерінде Теңіз кен орнындағы вахталық қалашықтан бірнеше притон табылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Вахталық қалашық аумағындағы оқиғадан кейін қоғамдық тәртіп бұзушылыққа жол берілген жоқ. Профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеудің аясында оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - дейді облыстық полициядағылар. 

Полиция департаментіндегілер арандатуға ермеуге және жалған ақпарат таратпауға кеңес береді. Аталған заңбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр