Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңіз кен орнында өрт шықты

Теңіз кен орнында өрт шықты. Ақпаратты Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"1 наурыз күні сағат 16:40-та Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық қалашығында кәсіпорынның ашық алаңында өндірістік тұнба өртеніп жатыр. ТШО өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мәліметінше, өндірістік тұнба өртеніп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, 200 шаршы метр аумақ өртенді", –  деп түсіндірді төтенше жағдайлар басқармасы.

ТЖД мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТШО PASS – 17 қызметкер мен 4 техника және "COCR" ЖШС – 6 жұмысшы мен 2 техника жұмылдырылған.

"Құлсары қаласынан Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 10 қызметкері мен 2 техникасы жөнелтілді. Қызметкерлер келген соң қосымша ақпарат нақтыланады", –  деп толықтырды ведомство.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 01 Наурыз, 2022 19:17
Талқылау