Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tengri Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталды

Жақын арада банкрот болып жабылып қалған Tengri Bank басшыларына қатысты тергеу басталды. Қаржы ұйымының топ-менеджерлері істі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті осыдан біраз бұрын Tengri Bank-ті лицензиясынан айырды. 

Қазіргі таңда банк басшылығы тексеріліп жатыр. Оларға қатысты "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салды" деген баппен іс қозғалған.

Алайда құзырлы органдар нақты кімдердің күдікке іліккеннін құпия ұстауда.

Банк акцияларының тең жартысы үндістандық Panjab банкіне тиесілі ұйым қаржылық қадағалау агенттігінің ескертпелерін елемеген. Сондықтан жарты жылдан бері жарытып жұмыс істемеген банк ақыры жабылып тынды. Оның тоғыз қаладағы бөлімшелері де жұмысын тоқтатқан.

Еске салсақ, 30 мыңнан астам салымшысы бар бұл банк бір апта бұрын банкротқа ұшырады. Қазақстандық экономистер бұл басқа банктерге де әсер ететінін айтты.

Талқылау