Теңге алдағы уақытта құнсызданып кетуі мүмкін бе – Ұлттық экономика министрлігі жауап берді
Ұлттық экономика министрі Арман Қасенов теңгенің нарықта күшейе түсуіне қатысты пікір білдіріп, алдағы уақытта девальвацияның болу мүмкіндігі жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com/Andy_Bay
Вице-министр теңге бағамына көп жағдайда бірқатар негізгі факторлар әсер етеді дейді. Оның қатарында елдің экспорттық мүмкіндігі, инфляция мен пайыздық (базалық – ред.) мөлшерлеме де бар екен.
"Қазіргі фундаменталды факторларды ескере отырып, теңге девальвациясы болуы мүмкін деп айта алмаймыз. Теңге бағамы аталған факторлар негізінде орынды бағам. Бірақ бұл тұжырым бүгін ғана актуалды. Себебі бір аптадан кейін немесе бір айдан кейін мұнай 10 доллар қымбат не 10 доллар арзан саудалануы мүмкін. Осыған қарай теңге бағамы да өзгереді. Мұнай мен теңге, рубль, канадалық доллар секілді валюталар тығыз байланысты", – деді ол.
Арман Қасенов мұнайдың қазіргі бағасы теңгенің әлсіреуіне әкеп соқпайды дейді. Ал Ресейге санкция салынған жағдайда теңге қайта бастапқы бағамына оралады деп топшылады.
Қазақстанда қосылған құн салығы өссе тұрғын үй бағасы қалай өзгереді
"Мысалы, Газпромбанкке санкция енгізілгенде Ресейдің артынан теңге де құлдырады. Алайда уақыт өте өзінің бастапқы бағамына қайтып келген еді. Санкция теңге бағамына әсер етері анық. Өйткені валюта бағамы сұраныс пен ұсынысқа негізделеді", – деп түсіндірді Қасенов.
Айта кетейік, бұған дейін Арман Қасенов Қазақстанда қосылған құн салығы өссе, тұрғын үй бағасы қалай өзгеретінін айтып берген еді.