Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған

Қарағанды облысы, Теміртау қаласында екі ер адам жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасады. Олар жүргізушінің кеуде тұсынан теуіп, жедел жәрдем көлігіне зақым келтіріп, ішіндегі кей заттарын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

жедел жәрдем

Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 26 ақпанға қараған түні болған. Күдіктілер қазір қамауға алынған. 



"26 ақпанда түнгі сағат 01.00-де Теміртау қаласында көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреулер 45 жастағы жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан. Нәтижесінде жәбірленуші медициналық мекемеге жүгінген. Полицейлер ізін суытпай, 25 жастағы және 29 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", — делінген хабарламада.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау