Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда ақпанда іс-түссіз жоғалған студент қыз табылды

Теміртау полициясы 10 ақпанда іс-түссіз жоғалып кеткен 16 жастағы студент қызды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1435744160a8e7q

Кәмілеттік жасқа толмаған қыз ақпан айында жатақханасынан шығып, содан кейін қайта оралмаған. Қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері бойжеткенді оның таныстарының үйінен тауып алды.

Бойжеткен полицейлерге колледжде оқығысы келмейтінін және білім алуға мұқтаж емес екенін айтқан.

Теміртау ІІБ шығыс бөлімінің полицейлері қызды жатақханаға қайтарды.

«Ол – жетім, балалар үйінде тәрбиеленген. Біз оған білім алу арқылы мамандақы иесі атанатынын айтып, көндіруге тырысып жатырмыз. Кейін сол мамандығы арқылы күн көретінін де айттық», – дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қайрат Оспанов.

Бойжеткен оқуды қаламаса да, колледж басшылығы оны оқудан шығармаған. Қазір студент қыз оқуына барып жатақханасында тұрып жатыр.

«Кәмілеттік жасқа толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссия оқудан бас тартқан адам ретінде оның ісін қарайтын болады. Нәтиже ойдағыдай болмаса, оны тәртібі нашар жасөспірімдерге арналған арнайы мектепке жіберуі мүмкін. Әумесерлік мінез-құлыққа ие жастарға арналған мекемеде өмір сүруге және оқуға барлық жағдай жасалған», – деп атап өтті Қайрат Оспанов.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Батима Асқарованың айтуынша, 16 жастағы қыз тек полицияны емес, ұстаздарды да әуреге салуда.

«Оқымайды, қаламайды. Сабаққа да анда-санда қатысады. Білімгерлердің арасында жетім балалар бар болғандықтан, олардың әрқайсысы үшін жанымыз ауырады», – дейді Батима Асқарова.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде ата-анасының ұрысынан шаршаған жасөспірім үйден қашып кеткен

Оралда ақ көйлек киіп, күйеу іздеген қыз полицияны дүрліктірді

Алматы басшылығы көлік кептелісімен жапондық әдіс арқылы күреспек

Қазақстанда көпбалалы аналарға жәрдемақы бермей, жұмысқа шығуға міндеттейді

STAN.KZ
Жексенбі, 09 Сәуір, 2017 18:48
Талқылау