Теміртау тұрғыны адам өлтіру оқиғасын ойдан құрастырып, досының үстінен полицияға шағымданған
Теміртау тұрғыны алдау тәсілімен досынан 2 миллион теңге өндіріп алды. Кейіннен оның үстінен полицияға арыз түсірді. Ол досын адам өлтіруге тапсырыс берді деп айыптады.
Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының сайтында хабарланды.
Қалалық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рожков Буланов пен Иванов арасында болған даулы сұрақты өз пайдасына шешпек болған. Қос азамат кәсіпті бөлісе алмай, екеуінің арасында түсініспеушілік туындаған. Ал Рожков досының сенімін пайдаланып, Булановқа өтірік айтқан. Ол Ивановтың кәсіпті толығымен Булановтың атына аударуға дайын екенін, алайда ол үшін 2 миллион теңге төлеу керектігін ескерткен. Рожковқа сенген Буланов оған 2 миллион теңге ұстатқан. Ал алаяқ мұны өз қажетіне жұмсапты. Бұдан кейін Рожков полицияға арыз түсіріп, Булановтан адам өлтіруге тапсырыс алғанын, ол үшін тіпті, 2 миллион теңге ақы алғанын айтқан.
Рожков бұған дейін істі болған екен. Бұл жолы сот оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Үкім заңдық күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
Білім министрі ата-аналардың шағымынан соң оқу гранттары қайта қаралатынын мәлімдеді
Бір тәулікке 34 мың теңге: Серік Сәпиев Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынға алды
Қазақ азаматы ауылдастарының шайтанды қалай ұстап алғанын айтып берді (видео)
Жас жігіттерді ұрған павлодарлық полицейлер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін