Білім министрі ата-аналардың шағымынан соң оқу гранттары қайта қаралатынын мәлімдеді

Сенбі, 12 Тамыз , 2017 20:29

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті.

Sagadiev-1

Себебі олар кеше ғана өз наразылықтарын білдірген еді. Әсіресе, медицина саласын таңдаған талапкерлер алаңдаулы. Ата-аналар бюджеттен қарастырылған білім гранттары әділетсіз бөлінген деп есептейді, деп хабарлайды 24 арна.

Себебі, білім грантынан қағылғандардың дені – «Алтын белгі» иегерлері. Айта кетейік, биылғы оқу жылына мемлекеттен 37 932 білім гранты бөлінген болатын. Наразы топпен кездескен министр әрбір арыз-шағым жеке қаралады деп сөз берді.

“Біз барлық арыз-шағымды жеке-жеке қарап, «Алтын белгі» иегерлері үшін жаңа тізім жасаймыз. Олардың барлығы жоғарғы оқу орындарындағы резервпен қаржыландырылады. Бірақ шағымданушылардың барлығын бірдей грантпен қамтимыз деп айта алмаймыз. Бірақ барынша жоғарғы оқу орындарының ректорларымен келісім жасауға тырысамыз”, – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Тағы да оқыңыз:

Бір тәулікке 34 мың теңге: Серік Сәпиев Астана әуежайының автотұрақ бағасын сынға алды

Қазақ азаматы ауылдастарының шайтанды қалай ұстап алғанын айтып берді (видео)

Жетісайдан Астанаға жеткізілген 35 мың тонна қарбыз ішінен улы құрт шықты (видео)

Жүрек талмасы болардан бір ай бұрын байқалатын 8 белгі

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Anonymous says:

    Байқұс Сағадиев халықты ойлаймын деп қартайып кетиптигой обалай

  • Anonymous says:

    Білім жүйесін құртты, артық қыламын деп тыртық қылды

  • Anonymous says:

    Қашан шығад жаңа список

  • Anonymous says:

    Менің білім минстрлігіне ұояр сұрағым бар еді.Жаңадан енген Математика сауатылығы жайлы.Осы пəн бойынша менің сіңлім 4 ұпай жипап қалды.Бір бал ғана оның өмірін шешіп тұр осы бойынша кімге хабарласуға болады.

  • Anonymous says:

    Саламатсызларма?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар