Темірлан Анарбековке де білім гранты берілді

Фото: Қайрат ФК
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековті Қазақ спорт және туризм академиясына оқуға түсуге шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл бастама кәсіби мансабын оқумен ұштастырған жас спортшыларды қолдауға бағытталған. Білім гранты 2026 жылдың қаңтарында басталады.
"Министрлік тек спортты дамытуды ғана емес, сонымен қатар кәсіби спортшыларымыз үшін жан-жақты академиялық базаны дамытуды да қолдайды. Темірлан Анарбеков пен Шерхан Қалмұрза спорттық жетістіктері үшін грант алған алғашқы спортшылар емес. Көптеген дарынды жастар мұндай қолдауға ие болды", – деді министр Саясат Нұрбек.
Еске салсақ, Шерхан Қалмұрзаға Алматыдағы университеттердің біріненбілім гранты берілген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

