Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Темекісін сөндірмеген: Нұр-Сұлтанда өрт болып, екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, нәтижесінде ер адам мен әйел адам қаза тапты. Өрттің жалпы ауданы он шаршы метрді құрады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өрт өткен жұма күні кешке шыққан. Шақыру орнына жеткен кезде өрт сөндірушілер тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтер өртеніп жатқанын анықтады. Тұрмыстық заттар мен кеңсе техникалары өртеніп жатқан. 



Шақырудан бір сағат өткен соң, өрт сөндірушілер өртті оқшаулап, сөндіре алды. Өрт кезінде пәтерден 43 жастағы ер адам мен 71 жастағы әйелдің денелері табылды. Өрттің алдын ала себебі темекінің сөндірілмеуі деп болжануда.

Өртті жоюға елордалық төтенше жағдайларды жою департаментінен 14 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды. Оларға полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері көмектесті.

Еске салсақ, Шымкентте ішімдікке мас күйіндегі ер адам газ баллонын жарып жібермек болды.

STAN.KZ
Жексенбі, 18 Қазан, 2020 11:11
Талқылау