Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

50 литрлік газ баллонды ашып, балаларын бөлмеге тастап кеткен: Шымкент тұрғыны үйін жарып жібермек болды

Шымкентте ішімдікке мас күйіндегі ер адам газ баллонын жарып жібермек болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

17 қазанда сағат 15.45-те учаскелік полиция қызметкері өрт сөндіру қызметіне Еңбекші ауданы Айнатас тұрғын алабындағы жеке үйдің тұрғыны өз-өзіне қол салғысы келеді деген хабарламамен жүгінді.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері үйдің иесі 1978 жылы туылғанын, отбасылық жанжалдан кейін 50 литрлік газ баллонын ашып, 4 және 8 жастағы екі баланы бөлмеге тастап кеткенін анықтады. Кез келген сәтте жарылыс болуы мүмкін еді.



Хабарламада №7 өрт сөндіру бекетінің қарауыл бастығы, азаматтық қорғау капитаны Ербол Небесаев және азаматтық қорғау аға сержанты А.Юлдашев бөлмеге дереу жүгіріп кіріп, газ баллонының қақпағын жауып, оларды көшеге шығарған.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының тобы балалардың жағдайын тексерді, балалар медициналық көмекке мұқтаж емес, олар анасына тапсырылды. Үйдің иесін Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері алып кетті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінен 5 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмыс жасады. 

Талқылау