Тележүргізуші Майя Бекбаева: Енеңізді ешқашан құрбы немесе сырлас адам деп есептемеңіз
Тележүргізуші Майя Бекбаева қайын енесімен қарым-қатынасы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол күйеуінің анасымен арада өзі ұстанатын ережелерді атап өтті.
Бекбаева бұл туралы Instagram желісінде жазды.
"Бұл менің балаларымның әжесі, күйеуімнің анасы. Екеуміздің бүгінгі қарым-қатынасымыз қандай? Біздің арамызда өте жылы, шынайы, жақын қарым-қатынас бар. Біз жақындарымыздың игілігі үшін батыл түрде отбасындағы қарым-қатынасты бұзатын барлық нәрселерден бас тарттық. Тәкаппарлықтан, бір-бірімізге әлденені дәлелдеуге ұмтылудан, тіпті болмашы кикілжіңдерге барудан, кез келген жағымсыз сөздерді айтудан бас тарттық. Тек сыйластық, тек әдептілік пен жұмсақтық танытамыз”, - деді Майя.
Тележүргізуші бұндай жағдайға жетудің оңай болмағанын, әсіресе, көп жылдар бір шаңырақ астында өмір сүргенін мойындады.
"Мен өзім үшін ұстануға болатын бірнеше ережелерді анық түсіндім, олар: енені дос немесе сырлас етпеңіз, оның ықыласына ие болуға тырыспаңыз, ұсақ-түйекті байқамаңыз, ешқашан күйеуіңізге енеңізді жамандамаңыз. Есіңізде болсын, ерте ме, кеш пе, сіз оның орнында боласыз. Сіз өз болашағыңызды қазір жасап жатырсыз, енеңізбен балалардың алдында қарым-қатынас орнатып жатырсыз”, - деді продюсер.
Сондай-ақ, Майя болашақта өздері ене атанатын әйелдер бір нәрсені ұмытпау керектігін атап өтті.
"Сүйікті ана әрқашан ұлының таңдауын құрметтейді! Оның үстіне ұлы әрқашан анасына қарап таңдау жасайды. Сондықтан келініңіз ұнамаса, айнаға жиі қарап, өзіңізді бақылаңыз", - деп кеңес берді Бекбаева.
“Енеңіздің жақсы адам екені көрініп тұр”, “Енемен жақсы қатынаста болыңыздар”, “Мен енеммен құрбы секілдімін”, “Ол да ана, ана секілді қарау керек”, “Дұрыс айттыңыз, сізбен келісемін”, “Әркімнің енесі әртүрлі, сондықтан бір адамға бола бір ереже ұстанудың керегі жоқ”, – деп жазды желідегілер.
- Қайрат Нұртас: 17 жасымнан бастап танылдым және танымалдықты әлі ешкімге бермей келе жатырмын
- "Келініне енесін не күйеуін жамандап, азғыратындар жетеді": Айдарбекова Қайрат пен Жұлдыз жайлы айтты

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
