Tele2/Altel компаниясы халықаралық стримингте жетістікке жетті
Фото: akorda.kz
Tele2/Altel мен Huawei Астанада өткен "Орталық Азия – Қытай" саммиті аясында Қытайдың Орталық телеарнасына (CCTV) тікелей трансляция жүргізуге техникалық қолдау көрсетті.
Tele2/Altel компаниясының күшімен ұйымдастырылған онлайн-трансляция Қазақстан мен ірі қытайлық компаниялар арасындағы индустриялық-инвестициялық ынтымақтастыққа қатысты бірқатар келісімдерге қол қою барысын миллиондаған көрерменнің тамашалауына мүмкіндік берді.
Астанада өткен "Орталық Азия – Қытай" саммиті алты ел көшбасшыларының "Мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы” шартқа қол қоюымен және алты басым бағытты айқындаған декларацияның қабылдануымен есте қалды. Бұл бағыттар – сауда, инвестиция, көлік, жасыл ресурстар, агроөнеркәсіп және гуманитарлық байланыстар. Сонымен қатар, ынтымақтастық орталықтарын құру және жеңілдетілген сауда платформасын іске қосу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Ерекше назар көлік саласындағы интеграцияға аударылып, Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан теміржолының дамуына басымдық берілді. Бұл жоба Азия–Тынық мұхиты аймағы мен Еуропаны жалғай отырып, транзитті жеделдетуге және өңір елдерінің кірісін арттыруға мүмкіндік береді.
Tele2/Altel бұған дейін де Астанада өткен ірі халықаралық саммиттерде техникалық қолдау мен байланыс арналарын қамтамасыз еткен еді. Бұған қоса оператор Астана халықаралық форумының барлық қатысушыларына қонақтық 5G роуминг қызметін ұсыну арқылы ерекше қызметімен танылды.
Tele2/Altel Қазақстан бойынша 5G желісін қарқынды түрде дамытуының арқасында, интернет көпшілік жиналған жерлерде де жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді. Өткен жылы Қазақстанның 300 мыңға жуық тұрғыны бұл артықшылықты сезініп үлгерді, қолданушылар 5G мүмкіндіктерін жүгіру марафондарында, ашық алаңда өткен фестивальдерде және Алматыда өткен "Астана" – "Челси" футбол матчында сынап көрді.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
