Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tele2 #ultkazynasy хэштегі арқылы цифрлық мұра қалыптастыруға шақырады

"250+" бағдарламасы аясында ауылдарда цифрлық өмірді белсенді дамытып жатқан Tele2 операторы қазақ халқының рухани қазынасының цифрлық қорын құру бастамасын көтерді. Ол тарихымыз бен дәстүрімізді,  фольклорымызды сақтауға және біріктіруге және ұрпаққа мұра етіп қалдыруға көмектеседі. Қазақстанның әр тұрғыны тарихына көз жүгіртіп, әулеті жайлы құнды мәліметтерді тауып, бөлісе алады. Осылайша елдің #ultkazynasy ортақ цифрлық кітапханасының пайда болуына үлесін қосады.

Мемлекет пен бизнестің синергиясы арқасында елде екі жылдан астам уақыттан бері "250+" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама аясында мыңнан аса елді мекен ғаламтормен қамтамасыз етілді. "250+" бағдарламасының қатысушысы Tele2 қалалар мен ауылдар арасындағы сандық теңсіздікті жоя отырып, интелектуалдық дамуға баса назар аударады. Оператор ауылдық жердегі цифрлық контент жасаушыларды қолдауды жалғастырып келеді. Кезекті челлендж де авторларға қызықты огқиғаларды жеңіл жеткізу арқылы өздерін танытуға бағытталған. Негізгі идея – ауылда сақталған аңыз, дәстүр мен рецепттерді ерекше әрі қызықты етіп жеткізу. Кез келген азамат #ultkazynasy хэштегімен видео жүктеп, бас жүлдеге үміткер бола алады.  

"Біз бірге отбасылық мұраларды, ұмыт болған қолөнерді, халық ертегілері мен кейіпкерлерді жинастырып, әлеуметтік желі бетінде қайта жандандырамыз. Бұл бастама барша қазақстандықтарды тағы да өз өткеніне үңіліп, жастар мен үлкендерге бір-бірін жақсырақ түсінуге көмектесуге үндейді. Сонымен қатар шағын ауыл тұрғындарына ұлттық жобаға қатысып, өз мұрасымен бөлісуге мүмкіндік беретін "250+" бғдарламасының артықшылығын көрсетеді", - деді Tele2/Altel қоғаммен байланыс директоры Егения Бекбулатова. 

Бұған дейін маңызды ақпаратты жеңіл түрде жеткізу танымал "Jump2Mars" білім беру жобасының жетістікке жетуіне жол ашқан болатын. Жас тәлімгерлер өз аудиториясына қысқа видеолар арқылы күрделі химиялық формулаларды, физика заңдылықтары немесе Қазақстан тарихындағы оқиғаларды түсіндіреді. Дәл "Jump2Mars" жобасы жаңа #ultkazynasy челленджінің бастамасы болады. Тәлімгерлер командасы TikTok, Youtube және Instagram форматы бойынша видеолар түсіруге кірісіп те кеткен. 

"Жаңадан бастап жатқан авторлардың көпшілігі ортақ мәселеге тап болады. Ол – жаңа контенке идея іздеу. Tele2 осы мәселені шешуде көмектесті десек қателеспейміз. Контент жасаушыларда пысықтау үшін үлкен тақырып бар. #ultkazynasy хэштегі мәселені шешімі болмақ. Хэштег қазақ халқының дәстүрі мен салтына арналған ерекше контент жасағысы келетіндеге арналған. Қазір мұның жазылушылар арасындағы ең сүйікті бағыттардың бірі екенін көріп отырмыз", - деді Jump2Mars жобасының қатысушысы Бауыржан Тілеуханов. 

Оператор #ultkazynasy жобасының қорытындысын қыркүйектің басында шығарады. Көрермендердің ықыласына бөленген видео авторлары ең қажетті сыйлық – жаңа смартфондармен марапатталады. Бұдан бөлек "Jump2Mars" парақшасында бір ай бойы қолданушылардың үздік видеолары жарияланып отырады. 

Назархан Уән
Жұма, 29 Шілде, 2022 15:15
Талқылау