Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қалаларында тегін Wi-Fi іске қосылды

Freedom Telecom Қазақстанның бірқатар өңіріндегі қоғамдық орындарда тегін Wi-Fi қосты. Қазіргі уақытта Алматы мен Қонаев қалаларындағы адам көп жүретін жерлерде тұрғындар мен туристерге интернет одан әрі қолжетімді бола түсті. Stan.kz агенттігі тілшісі Алматыдағы дәл осы Wi-Fi желісі қосылған бірнеше локацияға барып, оның қалай істейтінін тексеріп, сынап көрді. 

Фото: Stan.kz

Жақында Freedom Telecom компаниясының Алматы мен Қонаев қалаларының тұрғындары мен туристеріне интернетті тегін әрі емін-еркін қолдануға мүмкіндік беретін ауқымды жобасын бастады. Енді екі қаланың адам көп жиылатын түрлі қоғамдық орындарында тегін Wi-Fi бар. Қала тұрғындары мен туристер Freedom Telecom Wi-Fі-ына қосылып, артық шығыннан құтылады. Осылай, компания елдегі, оның ішінде осы өңірдегі цифрлы инфрақұрылымды жақсартуға, коммуникация құралын қолдануды жеңілдетуге үлес қоспақ.

Біз Freedom-ның Wi-Fi-ы қосылып тұрған Алматыдағы бірнеше локацияға барып, оны тексеріп көрдік. Ең әуелі әл-Фарабидің бойымен жүріп, Esentai Mall ойын-сауық орталығына жол тарттық. Wi-Fi әл-Фараби даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін істейді екен. Дәл осы көшенің бойымен кетіп бара жатқанда смартфонға қолжетімді Wi-Fi бар екендігі туралы хабарлама шықты.

Фото: Stan.kz

Esentai Mall-ға жеткенімізде оны қосып көрдік. Wi-Fi-ды қолдану үшін нөміріңіз арқылы тіркелу қажет екен. Нөміріңізді терген соң, бір байланыс нөмірі хабарласады. Сол нөмірдің соңғы төрт санын код етіп жазасыз. Кодты дұрыс терсеңіз, Wi-Fi бірден қосылады. Ол арқылы интернетті, әлеуметтік желіні тегін қолдануға болады. Freedom Wi-Fi-ын қосқаным сол еді, смартфоныма желіден хабарламалар лезде келе бастады. 

Фото: Stan.kz

Esentai Mall ойын-сауық сауда орталығына адам көп барады. Олардың арасында ересектер де, балалар да, туристер де бар. Оған жақын жерде бірнеше университет орналасқан соң, орталыққа келетін студенттер де көп. Ойын-сауық орталығының маңындағы кофеханаларда кофе не шай ішіп жұмыс істейтін фрилансерлер де жетерлік. Сол себепті дәл осы жерге тегін Wi-Fi орнату ұтымды шешім болған. Біз де ойын-сауық орталығының ішінде, айналасында жүріп, желіні тексеріп көрдік. Барлық жерде Wi-Fi-дың бір емес, бірнеше нұсқасы шығып тұрды. Хабарламаларым тез жөнелтілді, Stan.kz сайты Google-дан тез ашылды. 

Фото: Stan.kz

Ойын-сауық орталығының жанында Есентай өзені бар. Онда сол маңдағы тұрғын үй кешенінде тұратындар бала-шағасын ойнатып, серуендеп жүреді. Кейбірі таңертең не кешке музыка не подкаст тыңдап, өзен бойында жүгіргенді ұнатады. Freedom Telecom-ның Wi-Fi-ы онда да істеп тұр. Ол жерге барғанымда басқа қалада тұратын анама видеоқоңырау арқылы хабарласып көрдім. Шамамен бес минуттай сөйлестік, интернет қатпай, жақсы істеді. 

Фото: Stan.kz

Жұмыс орным Достық даңғылы мен Жолдасбеков көшесінің қиылысында орналасқан. Кеңсеміздің арт жағында Кіші Алматы өзені бойындағы Тереңқұр денсаулық соқпағы бар. Кейде кеңседе компьютер алдында тік отырудан шаршағанымда ноутбугымды арқалап, сол Тереңқұрда серуендеп, мақаламды жазамын. Тегін Wi-Fi-ды онда да іске қосқанын естіген соң, сынап көрмек болдым. Бұл жерде интернетті тегін қолдануға болатыны жөнінде біраз жерге ескертіп, жазып қойған екен. 

Фото: Stan.kz

Тереңқұрдағы пуфиктерде, орындықта отырып, ноутбук арқылы жұмыс істедім. Смартфоным арқылы сүйікті дорамамды көрдім. Екі құрылғыма да Freedom Telecom Wi-Fi-ын қостым. Екеуінде де интернет жақсы істеді. YouTube арқылы музыка, VK арқылы ек сағаттық фильм жақсы сапада, үзілмей көрсетілді. 

Фото: Stan.kz

Фото: Stan.kz

Freedom Telecom-ның тегін Wi-Fi-ы тағы қай жерлерде бар?

Freedom Telecom-ның тегін Wi-Fi-ы бірнеше қаланың бірқатар қоғамдық орнында іске қосылған. Мысалы, ол Алматыда әуежайда, әл-Фараби даңғылы бойында, Есентай өзені бойында, Esentai Mall ойын-сауық сауда орталығында, Орталық алаңда, Тереңқұрда бар. Ал Қонаевта Орталық жағажайда және Орталық сабақта іске қосылған. Астанадағы әуежайда, Хан Шатыр ойын-сауық орталығында тегін Wi-Fi істеп тұр. Тараз тұрғындары Freedom Telecom-ның тегін Wi-Fi-ын “Көне-Тараз” тарихи-мәдени орталықта және Орталық саябақта қолдана алады. Туристер көп баратын Көлсай өзенінде де бұл Wi-Fi іске қосылған. Компания осы ісі арқылы ел азаматтарының интернетті қолданудағы мүмкіндігін арттығысы келетінін айтады. 

Компания алдағы үш жылда елдің 13 қаласында 37 мыңнан астам Wi-Fi-ды орнатуды жоспарлап отыр. 

Талқылау