Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Театрлардың жұмысына рұқсат берілді: Қазақстанның карантин туралы қаулысына өзгерістер енгізілді

Қазақстанда 2020 жылғы 15 тамыздағы карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

театр

Жаңа қаулыға сәйкес (16 қыркүйекте қол қойылды), ашық және жабық кафелер мен мейрамханаларға келушілер саны 30-дан 50 адамға дейін өсті.

Кинотеатрларға маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауада жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Толтырылуы 50 пайыздан артық емес жағдайда театрлардың қызметіне рұқсат етілді, бұл ретте адам саны 50-ден аспау керек, infokazakhstan.kz порталында тіркеліп, маска режимін, әлеуметтік арақашықты сақтау қажет.

Сауда ойын-сауық орталықтарында (жеке үй-жайларда) орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің 50-ден аспайтын отыратын орны бар, ұжымдық іс-шаралар өткізілмей жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

15 адамнан аспайтын топты толтырған кезде балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат берді.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың жұмысында қызметкерлердің кемінде 50 пайызын қашықтықтан жұмыс нысанында қалдыруға рұқсат етілді.

Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг-орталықтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың (ашық кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне әлі де тыйым салынған. 

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Талқылау