AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тбилисидегі қазақстандық қыздың өлімі: Іс сотқа өз-өзіне қол салу дерегі бойынша жіберілмек

Тбилисиде мерт болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісі сотқа өз-өзіне қол салу дерегі бойынша жіберілмек. Бұл туралы қыздың жақындары айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Әсел Айтпаева

Әселдің анасы қызын өлтіріп, ал мәйітін пәтерден лақтырып жібергенін айтады. 

"Істі жауып, сотқа жібермекші. Оларға осы оңай болып тұр. Кімге сенерімді білмеймін. Тек уақыт созып жатыр. Енді маған Грузияға бару керек, басқа амалым жоқ. Осы сұрақтар бойынша Грузия елшілігі арқылы өтініш бердік", – дейді марқұмның анасы Айсұлу Айтпаева. 

Еске сала кетейік, Әсел Айтпаеваның денесі бір жыл бұрын Тбилисидегі көпқабатты үйдің жанынан табылған. 



Ол Грузияға туыстарының шақыруымен жұмыс істеуге барған. 10 күннен соң қыздың денесі табылды.

Жергілікті полиция қызды зорлап, өзіне қол салуға дейін жеткізді деген айыппен Бесо Тордуаны ұстаған. Алайда ол сотқа дейін түрме ауруханасында көз жұмды. 

Қылмыстық істе Әселді Грузияға шақырған туысы да бар. Мұрат Мейірбеков қазір қамауда отыр. 

Қыздың ата-анасы Ішкі істер министрлігінен істі бақылауына алуды сұрайды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр