Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айына 52 000 теңге: Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталығы арқылы қандай жұмыс ала алады?

Көз майын құртып, төрт жыл білім нәрінен сусындадыңыз. Көптен күткен диплом қолыңызда, студенттік шақ артта қалды, бірақ жұмыс табылар емес. Армандаған қызметіңізге қалай орналасуға болады? Stan.kz тілшісі оқуын жаңа бітіріп, жұмыс таба алмай жүрген түлек ретінде Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына барып, қандай қызмет ұсынып, нәпақасы қанша болатынын анықтап қайтты. 

центр занятости

Студенттердің арасында "Төрт жыл дипломның соңынан жүгіресің, сосын диплом соңыңнан жүгіреді" деген сүйікті мақалдары бар.  Өкінішке орай, шындыққа жанаспайды. Жұмыс берушілер тәжірибесіз студентті алғысы келмейді. Оның сыртында жақсы қызметке орналасу үшін "аға-көкелерің болу керек" деген стереотип бар. Дегенмен жұмысты таң атқаннан кеш батқанша сабылып іздейтін, бірақ таба алмайтын жастар баршылық. Оларға не істеу қажет?

Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы жастарға ең бастысы - жұмысты іздеуді бастау керектігін айтады. Сіз жұмыс іздеу бойынша танымал ресурстарды пайдаланып, бос жұмыс орындарын таңдау кезінде "Мансапты бастау" опциясы мен Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болатынын ескертеді.  Онда мамандар жұмыс табуға немесе ақылы тәжірибеге орналасуға көмектеседі.

Егер жасыңыз 29-дан аспаса, мамандық бойынша дипломыңыз болса (ЖОО бітіргеніңізге 3 жылдан аспауы тиіс), Халықты жұмыспен қамту орталығы сізге көмектесе алады. 

Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы ақылы жастар практикасына орналастырады. Алты ай бойы мамандығыңыз бойынша тәжірибеден өту арқылы мансабыңызды бастап кете аласыз. 

Бұл үшін Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру ережесіне сәйкес жұмыс іздеуші ретінде өтініш беруіңіз қажет. 

Одан кейін Орталық қызметкерлері базадан мамандығыңыз бойынша бос орындарды қарап, мекемелер тізімін қолыңызға береді. Ішінен ұнатқан ұсыныстарды таңдап, тілдесуге барсаңыз болады. Тауып берген жұмыста 10 күнінің ішінде құжаттарды рәсімдейсіз. 

Қажетті құжаттар: 

Жеке куәлік көшірмесі
Диплом көшірмесі
Банктен есеп-шот аштыру
Мекен-жай анықтамасы 

центр занятости

Мәселен, мамандығыңыз қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болса, мектептер, оқыту орталықтары мен қоғамдық ұйымдарда бар бос орындарды ұсынады. Бұдан бөлек түрлі мамандықтар ішінен өз қолыңыздан келетін кәсіпті таңдап, сол мекемеге хабарлассаңыз болады. Бұдан бөлек сізге төмендегі мамандықтарды ұсынады: 

- Мұғалім (физика, химия, орыс тілі, ағылшын, қазақ тілі, биология, информатика, география, сызу, музыка);

- Менеджер;

- Автокөлік жөндейтін слесарь; 

- Дәрігер (медбике, балалар дәрігері, акушер, кардиолог);

- Маркетолог;

- Дизайнер;

- Программист;

- Дефектолог; 

- Юрист;

- Психолог; 

- Бухалтер-экономист; 

- Әлеуметтік қызметкер; 

- Инженер, т.б. 

Алты ай уақыт аралығында жұмыс берушіге ұнап, сол жерде жұмыс істеуге келіссеңіз, тұрақты жұмысыңыз болып қалады. Ай сайын Жұмыспен қамту орталығынан шотыңызға ең көбі 63 750 теңге (қолға берілетіні 52 000) түседі. 

Жолдау алған мекемеде қалу-қалмау - сіздің шешіміңіз. Орталық қызметкерлері көп жағдайда тәжірибеден өтуші сол мекемеде қалатынын айтады. Жұмыс іздеуші ретінде тіркелмей, Жұмыспен қамту орталығында қызмет көрсетпейді. 

Егер сіз оқуды үш жыл бұрын бітіріп, жұмыссыз болсаңыз, онда сізде әлі де мүмкіндік бар. Бірақ  мамандығыңыз бойынша жұмыс тәжірибесі болмауы керек. Бұл - Орталық бекіткен талап.

Жұмыспен қамту орталығының көмегіне сүйенген жастарды сөзге тартқанымызда: 

"Оқу бітірген соң бір емес, бірнеше мекемеге өз мамандығымыз бойынша жұмыс сұрап бардық. Аяғымыздан тоздық. Бірақ тәжірибе сұрайды көп жерде. Жаңадан оқу бітірген адамда тәжірибе қайдан болсын? Сондықтан амал жоқ, даяшы, сатушы болуға тура келеді. Жан бағу керек, күн көру керек. Жұмыспен қамту орталығына келгенде бас-аяғы екі аптаның ішінде өзімнің мамандығым бойынша жұмысқа кіруге ұсыныс алдым", - дейді Алматы қаласының тұрғыны Назерке Ершораева. 

"Есіңізде болсын, көптеген компаниялар қызметкерлерді "өзінің талаптарына сай" етіп өсіруді қалайды. Сондықтан, тәжірибенің болмауы - тіпті артықшылық", - дейді Орталық қызметкерлері.

Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар үшін табылмас мүмкіндік екені анық. Бірақ алпауыт қалада айына 50 000 теңгемен өмір сүру қиын екенін айтпаса да түсінікті. Сондықтан ой таразысына салып, шешім қабылдау сіздің қолыңызда.

Армандағы қызметіңізді табуға тілейміз!

Дайындаған: Жанна Мәлік

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Дина Смаилова: Қазақ қызы, сен "қыздығыңмен мақтан", себебі оған қалың мал төлейді

Смаилова: Жігіттер қыздарды әйелдікке емес, құл қылу үшін алады

Су сұрап үйге кірген: Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Зорлықтан қиналған бүлдіршінді әкесі тапқан

Жаңа туған нәрестені ұрлап алған әйел оны ерлі-зайыптыға сатып жіберді

Қыздың ұрланған бала екенін әйелдің өзі де, күйеуі де білмеген

"Елбасы келгенде диван да келді": Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" бағдарламасы туралы өз шындығын бөлісті

Продюсер: Аз қаражатқа жұмыс істеп жүргенде бізді қысқартып жіберді

Демалыс күндері ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Алматыда қар жауады

Түсік тастағанын күйеуінен жасырған әйел ауруханадан өзгенің баласын ұрлап кетті

Әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

LRT ісіне қатысты елорда әкімінің экс-орынбасары іздеуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тергеу барысы туралы хабарлады

Нұр-Сұлтан мәслихат хатшысы қамауға алынды

«Астана LRT» ісінде бес күдікті ұсталды

Қырғызстанның экс-президенті арнайы күштердің сарбазын өлтірді деп айыптады

Атамбаев күштеп ұстау әрекеті кезінде сарбазды өлтірді деген күдікке ілініп отыр

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі
Çàãðóçêà...