Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы атыс кезінде екі бейбіт тұрғын жараланды
Тәжікстанмен шекарадағы әскери қызметшілердің арасындағы атыс салдарынан Қырғызстанның екі бейбіт тұрғыны зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
12 сәуірде Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тәжік шекара жасағының шекара сызығын кесіп өтуіне байланысты екі елдің әскери күштері арасында атыс болды. Екі ел өкілдері келіссөзді бірден бастап, аз уақыт ішінде атысты тоқтатты. Алайда артынан атыс қайта басталып, 30 минутқа созылды.
Тәжікстан әскерилері минометпен Қырғызстанның Достук ауылына оқ жаудырды. Қырғыз тарапының алдын ала мәліметі бойынша, атыс кезінде екі тараптан да бір шекарашыдан жарақат алды.
"Қырғыз-тәжік шекарасындағы оқиға салдарынан Лейлек жалпы дәрігерлік практика орталығына зардап шеккен екі адам (әскери емес) түсті", - деді Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.
Оның айтуынша, зардап шеккен бір адам стационарда орташа ауыр жағдайда жатыр, екіншісі алғашқы медициналық көмектен кейін амбулаториялық емделуге жіберілген.
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жергілікті тұрғындар мен шекарашылар арасында қақтығыс жиі болады. Ауқымды қақтығыс қаңтардың аяғында болған.
Тәжікстандықтардың қырғыз жолын жауып тастауына байланысты шекарашылар арасындағы қақтығыс бірнеше сағатқа созылды.
Ел басшылығы келіссөз жүргізген соң бітімге келді. Қақтығыс кезінде екі жақтан 30-дан астам адам зардап шекті.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
