Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Таяқпен зорлаған": Полиция жалған ақпарат тарату бойынша тергеу бастады

Талдықорған полицейлері тұтқындалғандарды таяқпен зорлады деген жалған ақпарат тарату бойынша тергеу басталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дубинка

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2 және 3-бөлігі бойынша (БАҚ немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату) іс қозғалған. 

Полицияда ақпараттың авторын табу үшін қажетті шаралар тағайындалатынын мәлімдеді.



"Жала жабу және бұқаралық ақпарат құралдарында көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады", – деді полиция департаментіндегілер. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Талдықорған полицейлерінің тұтқындалғандарды таяқпен зорлады деген ақпарат тараған еді. Журналистер құқық қорғаушы Виктор Тенге сілтеме жасаған.

Айта кетейік, қаңтар оқиғаларынан кейін елде топпен зорлау әрекеттері болғаны жайлы мәлімет жарияланған еді. Бұл туралы “Ақиқат” қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова айтып берген.

Талқылау