Тәуекел Мүсілім тағы бір отандық комедияда басты рөлді сомдады (видео)
Иә, соңғы жылдары көрерменге жол тартқан отандық телехикаялардың басты жұлдызына айналған актер Тәуекел Мүсілім тағы бір комедияға түсті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тәуекел отандық “Брат или брак” кинофильмінде басты рөлдердің бірін сомдамақ. Айта кетейік, аталған туындыны “Жаужүрек мың бала” фильмі (авт. Қорлан) арқылы танылған Құралай Анарбекова таспалады.
Дебюттік кинокартинасынан кейін шетелде білім алып келген бикеш алғаш рет өзін продюсер ретінде сынап көрді. Ал оның қаншалықты сәтті шыққанын халық бағалай жатар.
Тәуекелден бөлек, “Брат или брак” фильмінде Әбунасыр Серіков, Дәурен Серғазин, Нұрлан Сабыров, Мұрат Бисембин және т.б. актерлер бой көрсетеді.
Фильм желісі бойынша, басты кейіпкер Гаухар бес бірдей ағасының кесірінен тұрмысқа шыға алмайды. Өз кезегінде Гаухардың таңдау жасауына тура келеді. Айтпақшы, Гаухардың рөлін Құралай Анарбекованың өзі сомдайды. Жаңа комедия қазан айының 26-сынан бастап көрерменге жол тартады.
Жіберіп алмаңыз:
Сәкен Майғазиев: Батыр ел екенімізге еш ұлттың күмәні жоқ шығар
Күйеуі өзінен кіші танымал бикештер (фото)
Жаның жәннәтта болсын: Бейбіт Сейдуалиева марқұм анасымен қоштасты