Тасмағамбетов вальс, Берік Уәли үнді биін биледі: Досхан Жолжақсынов туған күнін тойлады
Танымал актер, белгілі кинорежиссер Досхан Жолжақсынов 70 жасқа толды. Мерейтойға игі жақсылар бас қосып, ақ тілегін арнады. Қазақ актерінің тойында өнер өкілдері қонақ болды. Би билеп, көңіл көтерді.
Досхан Жолжақсынов 70 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Мерейтойға Иманғали Тасмағамбетов, Берік Уәли, Жақсылық Омар өзге де танымал жандар қонақ болып келді. Одан өзге Мақпал Жүнісова, Саят Медеуов, Алтынай Жорабаева, Қайрат Нұртас, fashion блогер Нұраш Жармұхамбетова, "Жігіттер" квартеті мен олардың продюсері Ерғали Әбдірайымов, тағы басқа әншілер мен актерлер шақырылыпты.
Досхан Жолжақсыновтың әйелі Қарагөз Сүлейменова тойдан үзінді сәттерді желіге жария етті.
Иманғали Тасмағамбетов Қарагөз Сүлейменовамен вальс билесе, Берік Уәли үнді биінің түбін түсірді. Думанды кештің қонақтары ақ тілегін айтып, ықыласын білдіріп жатты.
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсыновты “Отан” орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Алматы күні қарсаңында Досхан Жолжақсыновқа "Алматының құрметті азаматы" атағы берілді.