Тасқа бояумен жазу жазған маңғыстаулық айыппұл арқалады

Фото: Видеодан скрин
Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданында тасқа қызыл бояумен жазу жазған ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
3 мамыр күні сағат 11:00 шамасында ер адам Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының 43 шақырымында орналасқан Сығынды теңіз жағалауындағы табиғи тасқа қызыл түсті бояумен "Ұштаған" деп жазып, тасты бүлдіріп кеткен.
Азамат сот отырысында өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтып, айыппұл жазасын тағайындауды сұрады. Оның өтініші ескеріліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған 78 640 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген