Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәртіп сақшылар бөліміне түсіп шыққан студент өзіне қол салды

Куляб мемлекеттік университетінің студенті Жонибек Худжамуродов милиция бөлімінде тергеліп шыққан соң асылып өлді. Қайғылы оқиға 19 желтоқсанға қараған түні болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

студенттер

Марқұмның туыстарының айтуынша, милиция бөлімінде 25 жастағы Жонибек Худжамуродовқа қысым көрсетілген, оны кісі зорладың деп айыптаған.

"Кеше маған тергеуші хабарласып, ініммен бірге милиция бөліміне келуімді талап етті. Бөлімшеде оны қыз зорладың деп айыптады. Жонибек ешкімді зорламағанын айтып, жылады" деді марқұмның көкесі Талбак Майхонов.

Оның айтуынша, тергеуші студентті үш жылға түрмеге отырғызам деп қорқытқан. "Түрмеде саған не болатынын білесің бе?" деп айқайлады бір милиционер. Жонибек бір қызбен кездесіп жүргенін айтқан, бірақ ол зорлық жасайтын бала емес" дейді Майхонов.

Жонибек Худжамуродовты қандай негізде милиция бөліміне шақыртқаны әзірге белгісіз. Талбак Майхонов студентке жала жапты деп есептейді. "Жұмыстарыммен Дангарға кеттім, оны үйге жібердім. Ертесіне таңертең оны үйде асылып қалған жерден тауып алды".

Тергеу жүріп жатыр.

STAN.KZ
Жексенбі, 22 Желтоқсан, 2019 11:51
Талқылау