Таразда жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен сарбаз қамауға алынды
Фото: Legion-Media
Таразда 15 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалды. Кәмелет жасына толмаған баламен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен ұлттық ұланның сарбазы ұсталып, қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Бұл жағдай ювеналдық полиция қызметкерлерінің кезекті тексеріс барысында анықталыпты. Сарбаздың жасөспірімге қанша жылдан бері зорлық-зомбылық көрсетіп келгені әзірге белгісіз.
Таразда жасөспірімдер қоңырау кезінде дәретханада төбелесіп, 9-сынып оқушысы көз жұмды
Аталған жағдайдан білім басқармасы да бейхабар болып шыққан. Сол себепті оларға да жағдай туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарламағаны үшін тергеу басталды.
Еске салайық, бұған дейін Таразда 15 жастағы қызды жездесі бір жыл бойы зорлап келгенітуралы жазған едік. Оқушы қыз әпкесінің үйіне жиі барып, кішкентай балаларына қарасуға көмектескен. Осы кезде азғын өзінің арам пиғылын іске асырған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген