Таразда төбелескен азаматтарды ажыратпақ болған полицейдің өзін пышақтап кеткен
Тараз қаласының орталығында төбелесті таратуға асыққан полицейді пышақтап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Жамбыл облысының полиция департаменті мәлімдеді.
Оқиға 7 қазан күні түнде Қонаев көшесіндегі көңіл көтеру орталықтарының бірінде болған. Сол кезде еңбек демалысында болған учаскелік полиция инспекторы бардың жанынан өтіп бара жатып, төбелесті көріп қалады. Бардың жанында төбелесіп жатқан адамдарды ажыратпақ болған кезде қызметкердің өзі пышақ жарақатын алып қалады.
Полиция қызметкері мен төбелестің тағы бір қатысушысы пышақ жарақатымен нөмірі бірінші қалалық аурухананың операциялық бөліміне жеткізідген.
- Қайын атасы дәмсіз тамақ үшін келінінің басын кесіп алған
- "Мойнына ине тығып, арқанмен тұншықтырған": БҚО-да досын өлтірген төрт қылмыскер жазаға тартылды
Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Бұл Тараз қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол төбелестен кейін қашып кеткен.
“Қылмыстық қудалау органы пышақ жарақатын алған күдіктіні іздеуге жариялады. Тергеу әлі де жалғасып жатыр”, - деп мәлімдеді Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.
Сотқа дейінгі тергеу екі бап – "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу" және "Кісі өлтіру" бойынша жүргізіліп жатыр.