Таразда түрме қызметкері сотталушыға есірткі сатқан
Таразда ЖД 158 де 7 түзеу мекемесіне есіртікі кіргізген сол колонияның лауазымды қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Жазасын өтеушіге 7 жарым грамм марихуананы 20 мың теңгеге сатқан режим бөлімі бастығының орынбасары енді 11 жылын темір тордың арғы жағында өткізбек.
Капитан Дәуренбек Дәулетбеков жазасын өтеушіге есірткіні өзі ұсынған. Бірақ сотталған азамат бұл жайында өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен арнайы прокуратураға хабарлап қойыпты.
Сөйтіп, режим бөлімі бастығының орынбасары марихуананы кіргізген кезде ұсталған. Ал, келісілген ақша оған алдын ала берілген болып шықты. Ол мұндай заң бұзушылыққа бірінші рет барған. Бірақ, сонда да судья оған аяушылық танытпады. 11 жылға сотталған ол капитан шешінен де айырылды.
“45 мың берсең 3 стакан марихуана кіргізіп беремін деп келіскен. Жақсы, марихуана деген әңгімелері бар. Маған қатты ұстайтыны керек емес, кәдімгісі керек деген. Соны 20 мың теңгеге келіскен”, – дейді Азамат Тілепов.
Тағы оқыңыз:
Қазақ тілінде ақпарат беруге міндетті: Сенатор Оғыз Доғанды жақтады
ШҚО-да сәбиін босанып лақтырып жіберген мұғалімге қатысты жаңа деректер
Ақтөбеде жалғызбасты әке бұрынғы әйелін ата-ана құқығынан айырып, алимент өндіріп алмақшы