Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ойын-сауық саябағында жаңа аттракциондар ешқандай техникалық сынақтан өтпеген

саябақ

Фото: сюжет кадрларынан скрин

Таразда аттракциондар паркі салынды. Алайда ондағы құрылғылардың ешқайсысында сертификат жоқ және техникалық сынақтан өтпеген тіпті қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бермейді екн. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұл туралы билет сатып алатын тұрғындарға ешкім ескертпейді, сондықтан олар түрлі келеңсіз жағдайларға тап болып жатады. Мұндай оқиғалар бір күні қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. 

Аттракциондар Тараздағы Жеңіс саябағында бірнеше жыл бұрын бірінен соң бірі пайда бола бастаған. Шенеуніктер жасыл желекті алқапты құрылыс салудан сақтап қалуға тырысқан. Алайда, белгісіз себептермен бұл әрекеттер нәтижесіз аяқталды. Жақында саябақ аумағында ірі аттракциондар орнатылған. Олардың арасында – шолу дөңгелегі, тербелмелі қайық және одан да экстремалды "зымыран" құрылғысы бар. Шенеуніктердің айтуынша, бұл аттракциондар ешқандай сараптамадан өтпеген. Сондықтан олардың қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайды. 



Саябақ әкімшілігі билік өкілдерінің бұл даулы мәлімдемесіне әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

“Аттракциондар орнатылған жер телімі кәсіпкер тарапынан заңсыз пайдаланылуда. 2023 жылдың наурыз айында оған бұл мемлекеттік жер телімін босатып, бастапқы күйіне келтіру туралы ұсыныс жасалды. Алайда кәсіпкер бұл талапты орындамады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы орган сотқа жүгінді. Аттракциондар тиісті сынақтардан және техникалық жағдайын бағалаудан өтпеген. Сондықтан олардың қауіпсіз екеніне сенімді түрде айта алмаймыз”, – деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 15:15
Талқылау