Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда кәсіпкер мен шенеунік бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды

Жамбыл облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Тараз прокуратурасы қала көшелерін жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады.

"Тараз әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлы және "Алматымонтажстрой" ЖШС директорының орынбасары Е.Шлеев қала көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 34,2 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған", – делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл факті бойынша Тараз прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (жымқыру) бойынша қылмыстық істі тіркеп, тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді.



Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.

Тараз қалалық №2 сотының 05.02.2024 жылғы үкімімен З.Тұрсынұлы мен Е.Шлеев Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы 2 100 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінгенін жаздық.

Талқылау