Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқан полицейлерге қатысты үкім шықты

Тараздың № 2 соты Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқаны үшін төрт полицейге үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сотталушыларға Қаңтар оқиғасы кезінде ҚК 1-тармағының 362-бабы 4-бөлігі, 370-бөлігі 4-бөлігі қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны және қызметтегі әрекетсіздігі үшін айып тағылды.

"2022 жылы 5-6 қаңтарға қараған түні Тараз полиция басқармасы мен Жамбыл облысының полиция департаментіне жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар шабуыл жасады. Бұл ретте ӘҚҚ органдарының лауазымды адамдарының әрекетсіздігінен артехқұрылыстың мүлкі (тапаншалар, оқ-дәрілер, арнайы құралдар және т.б.) ұрланып, жоғалды. Нәтижесінде мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді", – деп хабарлады сотта.

Сот іс материалдарын зерделеп, жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, түрлі сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен Ш., З., О., Қ.-ның кінәсін дәлелденген. Жаза тағайындау кезінде сот кәмелетке толмаған балалары барын жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.

Төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасап, қабылдаған антты бұзғанын ауырлататын мән-жайлар деп таныды.

“Үш қызметкерге  мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салумен төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

О.-да біліктілік белгілерінің болмауына байланысты "Қызметтегі әрекетсіздік" бабы алынып тасталып, "Немқұрайлылық" бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 2 қарашадағы "Рақымшылық туралы" заңды қолдана отырып, О. тағайындалған жазадан босатылды, оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмағаны үшін ақталды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау