AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда біреулер ұрлап әкеткен белгілі кәсіпкердің қызына қатысты қылмыстың мән-жайы анықталды

Таразда белгілі кәсіпкердің қызына қатысты жасалған қылмыстың жай-жапсары анықталды. Оны 100 миллион теңге өтемақы талап ету мақсатында ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Хабар арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйелге тапа-тал түсте шабуыл жасап, күштеп көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа қарай алып кеткен. Жолда жәбірленуші қарсылық көрсетпек болған, бірақ оны ұрып-соғып, байлап тастаған. Ол үш күн тұтқында болды, содан соң аяқ-асты босатылған.

Ұрлау фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, қылмыскерлер ұсталып, сотталған. Алты адам 5 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

"Мені үйге кіргізгенде бірден қолыма кісен салып, аяғымды скотчпен орап, алғашқы екі күн бойы бір үйде ұстады, кейін неге екені белгісіз, мені екінші, басқа үйде ұстады, ол жалдамалы үй болып шықты. Үш күн бойы баскиім киіп, аяғымды скотчпен орап, қолыма кісен салынған күйі жүрдім. Не болып жатқанын, неге бұлай істеп жатқанын сұрадым. Олар маған сен байсың деп, Алматыдан мені ұстауға келгенін айтты, – деді Светлана Ильичева-Мосунова.



Белгілі болғандай Жамбыл облысында 10 жылдан бері мұндай қылмыс болған жоқ.

“Полиция органдары бұл қылмысты тез арада ашты. Барлық айыпталушылар әшкереленіп, қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысын облыс прокуратурасы қадағалауында. Қазіргі уақытта сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені оған сотталғандар апелляциялық шағым түсірген", – деп түсіндірді Жамбыл облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының прокуроры Сайын Сағындық.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр