Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысының ақшасын жымқырғандар сотталды

Таразда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлеуметтік осал топтарға арналған үйдің құрылысына бөлінген қаржыны жымқырғандарды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тараз қаласының соты қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қалдыбаев және мердігерлік ұйымдарының өкілі Ерболатұлын соттады.

“Ерболатұлы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ал Қалдыбаев мердігерлердің мүддесі үшін орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойып, ақша аударған”, – делінген хабарламада.


6 қымбат көлік пен элиталық коттедж алған: Шымкентте университет басшылығы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді


Шығын – 5,5 миллиард теңге: Ақтауда үш тұрғын үй құрылысының үлескерлер ақшасын жымқырғандарға үкім шықты


Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке 519 млн теңгеден астам шығын келді. Сот үкімімен Қалдыбаевқа 4 жыл, Ерболатұлына 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қалдыбаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Ал Ерболатұлына мемлекеттік, жеке ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл қаржы бөлуге байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 12:28
Талқылау