"Танысып, үйіне шақырады": Алматыда қыз сыбайластарымен бірге ер адамдарды тонаумен айналысқан
Фото: polisia.kz
Алматыда ер адам қызбен кездесуге барып, тонаудың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алмалы ауданының тұрғыны интернет арқылы бір қызбен танысқан. Қысқа таныстықтан кейін қыз оны үйіне қонаққа шақырады. Ештеңеден күдіктенбеген ер адам алғашқы кездесуге баруға шешім қабылдайды.
Ер адам қыздың үйіне келгеннен кейін қыздың таныстары келіп, жәбірленушіні қорқытып, оның жеке заттарын тартып алып, оқиға орнынан жасырынған.
Үш күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Мұндай қылмыстық тізбек бұған дейін де қаланың басқа аудандарында тіркелген. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде, әсіресе алғашқы кездесулерде, аса мұқият болуға шақырамыз”, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген