Танымал қазақстандық режиссердің бейнебаяны әлемдегі ең беделді премияның номинациясына ілінді
Айсұлтан Сейітовтың туындысы әлемдегі ең танымал премиялардың бірінде жеңіп шығуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ТМД-ның, АҚШ-тың "мен" деген мықты өнер иелерімен тығыз жұмыс істемейтін режиссердің бейнебаяны әлемдік деңгейде жоғары бағаланды. Оның америкалық рэпер 21 Savage бен J.Cole атты музыкантқа түсірген "A lot" бейнебаяны MTV Music Awards - 2019 премиясында "Жыл видеосы" номинациясына ілінді.
Youtube сайтында 156 миллион қаралым жинаған бейнебаянға премияның ресми сайтында дауыс беруге болады.
MTV Music Awards-2019 — 1984 жылдан бастап әр жыл сайын үздік видеоклиптерді марапаттайды. Үздік бейнебаян — арнаның ең басты марапаттарының бірі.
Естеріңізге сала кетейік, Айсұлтан Сейітов — өзінің шеберлігімен әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды таңғалдырып, Голливудты бағындырған Қазақстан тумасы. Оның қысқаметражды "Шакал" атты фильмі Hollywood Boulevard Film Festival кинофестивалінде бас жүлдені иеленген.
Әлемді мойындатқан "жаңа" қазақтар: әйгілі жұлдыздар олармен жұмыс істеуді армандайды.
Сейітов режиссурадағы жолын Ғалымжан Молданазар, Ninety One сынды танымал қазақстандық әншілер мен топтарға бейнебаян түсіруден бастаған. Жақында ол Offset, 21 Savage сынды әлемдік деңгейдегі реп жұлдыздарымен тығыз жұмыс жасап, оларға бейнебаян түсіріп берді.
Follow me to Qazaqstan: танымал отандық режиссер еліміз жайлы ең керемет видео түсірді.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
