Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Танымал болу шарт емес": Сәкен Майғазиев кімнен үлгі алатынын айтты

Сәкен Майғазиев кімнен үлгі алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап.

Белгілі әнші Сәкен Мағазиев адамды үлгі тұту үшін өнерге жақын болуы, танымал болуы маңызды емес дейді. Тіпті ештеңе үйретпесе де өнер иесінің кумир санайтын адамдарының қатары көп көрінеді.

"Әнін ғана тыңдау, танымал болуы шарт емес, үлгі алатын адамдардың бәрін мен өзімнің кумирім деп есептеймін. Ешқандай сабақ өтпесе де, ұстазым деймін. Сондай ағаларым өте көп", - дейді Сәкен Мағазиев. 

Үлгі тұтатын ағаларының көп екенін айтқан Сәкен Майғазиев солардың біріне мысал келтіріп мақтанған. Осылайша  өзі жақсы болған соң, жанынан жақсы адамдардың табылатынын жеткізгісі келді ол. Әнші әрбір адамның бойынан тек жақсы қасиетін алуға тырысады екен.

"Мұқағали атамыз айтпақшы біреудің жақсы қасиеті болса аласың, жаман қасиеті болса қолың жетпес құла түзге лақтыр дейді ғой. Мысалы өмірде Кенжеәлі деген ағам бар. Ана кісінің түріне қарайсың, маған ешқандай әріп үйретпеді, нота үйретпеді. Бірақ мен ол кісіні ұстаз санап, үлгі тұтамын", - дейді өнер иесі.

Талқылау