Танымал блогер Жанерке Елшін сәбилі болды
"Қалаулым" жобасы арқылы танылған блогерлер отбасы - Еркебұлан мен Жанеркенің шаңырағында үлкен қуаныш. Жұлдызды жұптың екінші атұстары дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты хабарды халыққа Жанеркенің өзі жеткізді.
"Аллаға шүкір. Аликоштың бірге ойнар інісі дүниеге келді. Су ішері бар екен құлынымның.
21.11.21. Бүгінгі датасы әдемі болғанымен, оңай болмады. Сосын айтып берермін.
Әйел қырық жанды ғой. Араларыңыздағы аналар қауымына тағы бір мәрте мың тағзым.
Сіздерге бұл қуанышты қалай айтып қоймасқа дедім. Ақ тілектеріңізбен ауырғанымызды тез ұмытып кетейікші", – деп жазды ол.
Айта кетейік, "Қалаулым" жобасы арқылы танысып, табысқан Еркебұлан мен Жанерке 2018 жылы шаңырақ көтерді.
Талқылау
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?
Жастар кеңседе отырғысы келеді, қол жұмысынан қашады
Алматыда шешек дерті өршіп тұр: Дәрігер ауру қалай тарайды және одан қалай қорғануға болатынын айтып берді
Маманның айтуынша, желшешектің көбеюіне маусым мен екпенің аздығы себеп