Танымал баскетболшы Коби Брайанттың тікұшағының апатқа ұшырау себебі анықталды

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі былтыр қаңтарда Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБҚ) бес дүркін чемпионы Коби Брайанттың тікұшағының апатқа ұшырауының себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесі өкілі Роберт Сумвальттың айтуынша, апатқа ұшқыштың әрекеті себеп болған. 

Ол тікұшақ ұшқышы Ара Зобаян қалың бұлттардың арасында ұшқандықтан, бағытынан адасқанын атап өтті. Ал бұлт арқылы қозғалыс мемлекеттік әуе қауіпсіздігі стандарттарын бұзу болып саналады.



Ұлттық кеңестің өкілі Зобаян әуе кемесін визуалды ұшу ережелеріне сәйкес басқарғанын айтты, яғни ұшқыш қозғалыс бағытын көру керек еді.

"Бұлттан шыққанға дейін ұшақ бірден қисайып, Оңтүстік Калифорния шоқыларына құлады", -деді Сумвальт.

Еске салайық, аты әлемге танымал баскетбол ойыншысы Коби Брайант былтыр қаңтар айында  тікұшақ апатының салдарынан опат болды. Тікұшақта болған 9 адам - бір пилот пен сегіз жолаушының барлығы көз жұмған. Коби Брайантпен бірге оның 13 жастағы қызы да болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр