Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров Астанадағы тойда бой көрсетті (видео)

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Астанада тойда жұрген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әзілкеш астаналық кәсіпкердің тойында қонақ болған. Ол Иман Әли мен Мұхаммед Әли есімді балалардың 1 жасқа толған туған күніне шақырылған.
Әлеуметтік желіде тойдың видеосы тарады.
Кадрларда Сабыров қонақтардың қол шапалақтауымен мейрамханаға кіріп келе жатқаны, кейін той иесінің әзілкешке дәстүрлі шапан жапқанын көруге болады.
"Мұндай тыйым тіпті Зеленскийге салынбаған": Нұрлан Сабыров өз-өзін кекетті
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Вагнер" жауынгерлеріне мотоцикл берген Нұрлан Сабыровты тексеріп жатыр
Айта кетейік, аталмыш тойға Нұрлан Сабыровпен бірге бұрынғы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та келген.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік БАҚ-та қазақстандық танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Кейінірек оның Ресей азаматтығын алудан бас тартқаны белгілі болды. Бірнеше күннен кейін әзілкештің өзі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?