Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші Мархаба Сәби ана атанады

Мархаба Сәби сәби күтіп жүрФото: instagram.com/marhaba_sabi_

Танымал әнші, “Ұнайды маған” хитінің авторы Мархаба Сәби сәби күтіп жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Өнердің құдіреті-ай, қарным шартиып жүрсе де ән шығаруды тоқтата алмай жатырмын”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол оқырмандарына жаңа әнін таныстырды. Әнші жазбасында жүктілігіне қарамастан, өнерден қол үзбегенін жазып, іші шыққан суреттерімен бірге “Мама, болма алаң” атты туындысын жариялаған. 

Желі қолданушылары әншіні жарыса құттықтап жатыр.

“Аман-есен бауырыңызға басыңыз”, “Талғамы бөлек тұлға. Өзіндік стилі бар әнші. Екі жаныңыз аман қалып, бауырыңызға басу бұйырсын”, – деп жазған олар.

Алайда Мархаба Сәбидің бұл суреттерін жақтырмағандар да бар. Қолданушылар оның іші ашық сурет жариялағанын ерсі қылыққа балап жатыр.

“Дәл осындай форматты Мархаба Сәби жасайды деп ойламаппын. Күтпедік”, “Өнеріңізді бағалаймыз. Стиліңіз де ұнайтын еді. Мынауыңыз қазақылыққа жат нәрсе боп тұрғаны”, “Ерсі қылықты неге жасайсыздар? Қазаққа тән емес”, “Мыналарға не болған өзі? Қазақ қыздары сыпайы болушы еді, мынау шектен шыққандық емес пе”, “Сіз сияқты қазақ қызына ерсі көрінеді екен”, – деп пікір қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Мархаба Сәби алғаш рет отбасына қатысты сұраққа жауап бергені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 13:12