Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жеке өміріңіздегі проблема есіміңізге байланысты болуы мүмкін”: Дәрігер есімнің адам тағдырына қалай әсер ететінін айтты

Тән жарасын оймен емдеу - бұл адамның бойындағы проблемалары мен ақауларын кей мәселелерді қабылдау, түсіндіру арқылы қолғабыс ету. Дәрігер-невропатолог Мәди Алдабергеннің айтуынша, адамның есімінің мәнісін, мағынасын білу арқылы көп мәселені шешуге, алдын алуға болады. Stan.kz тілшісі маманмен адам тағдырына есім қалай әсер ететінін, жаңа туған нәрсетеге қандай есім берген дұрыс екенін айтып берді.

Баланың жаны құрсаққа бітпей тұрып, 9 ай бұрын анасын таңдайды

Тектанушы дәрігердің айтуынша, бала дүниеге келмей тұрып, ата-анасының эмоцияларын миына жазып алады және сол ақпараттарды өмірге келген соң қайталайды. Мұны “бағдарламалау уақыты” деп атайды.

1980 жылы 1 наурызда дүниеге келген адам бар деп қарастырайық. Демек 1981 жылдың 1 наурызында оған бір жыл толады. Бұл дегенміз бала мамыр айында анасының құрсағына біткен деген сөз. Баланың жаны ана құрсағына бітпей тұрып, 9 ай бұрын шешесін таңдайды. Бала дүниеге келмей тұрғандағы бір жылға дейінгі кезең - бағдарламалау уақыты болып есептеледі.  Егер анасы не әкесінің осы кезеңде проблемалары болса, баланың миы осы проблемалар оның дүниеге келуіне әсер етті, көмектесті деп ойлайды да, 1 жасқа келген кезде осыны қайталай бастайды.

Адамдар көп жағдайда өз балаларының денсаулығы үшін жауапкершілік алмайды

Дәрігердің айтуынша, оған келетін пациенттердің көбі - сөйлеумен проблемалары барлар.

Бір жолы, ерлі-зайыпты жұп баласы сөйлемей жүр деген шағыммен маған келді.  Енді болмаса, қымбат Германиядағы емханаға барып емделмекші болып жүр екен. Ара-қатынастарын сұрастыра келе мынадай ақпарат белгілі болды: екеуі қыз-жігіт болып сөйлесіп жүрген кезде үйленеміз деп сөз байласқан уақытта бір-бірімен ұрысып қалады. Сөйтеді де, ренжісіп, бір ай бойы сөйлеспей кетеді. Алайда бір ай өткен соң жігіт келіп, кешірім сұрап, екеуі қайта қосылады. Одан кейінгі уақытта ара-қатынас қалыпты өрбиді, бала да дені сау болып туады. Бірақ уақыты келгенде баланың тілі шықпайды. Себебі, оның миында ата-анасының бір ай сөйлеспей қалғаны жайлы ақпарат сақталған. Өзін туған ата-анасы бір-бірімен сөйлеспейді, сондықтан оның да тілі шықпайды. Бұл мәселені реттеу үшін ата-аналарына бір ғана тапсырма бердім. Осы тапсырманың арқасында бала кекештеніп болсын, сөйлей бастады.

Сонда анасы келесі рет келгенде, “тапсырманы орындадым, кішкене болсын сөйлей бастады” дейді, бірақ әлі толыққанды сөйлемей жүргенін айтты. Сөйтсек, әкесі мен айтқан тапсырманы орындамай, тек анасы ғана орындаған болып шықты. Бұл тапсырманың мәнісі мынада болды: әкесі де, анасы да екеуі бірдей осы жағдай үшін жауапкершілік алуы тиіс еді. Себебі адамдар көп жағдайда өз балаларының денсаулығы үшін жауапкершілік алмайды. Келесі жолы Нұр-Сұлтанға барғанда, баланың тілі ашылып, сөйлеп жүрді.

Мысалы, мына бір оқиғаны алып қарастырайық. Біраз уақыт бұрын жоғары білімі бар, өте сұлу әйел жағдайын айтып келді. Айтуынша, ер адамдармен қарым-қатынаста жолы болмайды. Тегі, туыстары туралы сұрастыра келе ешқандай себеп табылмағандықтан, оның дүниеге келген сәті жайлы сұрадым. Ол мынадай жағдайды баяндады:

Қыз дүниеге келген кезде оның әкесі перзентханаға келіп, терезеде тұрған әйелінен кім тудың деп сұраған. Сонда анасы қолындағы қызын көрсеткен. Совет одағы кезінде УДЗ болмағандықтан, олар баланың жынысын алдын ала білмеген. Жаңа туған нәрестенің қыз екенін көріп, әкесі бұрылып кете барған. Ана осы сәтте “биологиялық қақтығысты” бастан кешіреді. Бұл қақтығысты үш тіркеспен былай сипаттауға болады: адам еш күтпеген жағдай, мұңды жағдай және адамның осы ситуацияны оңашада бастан өткеруі, өз уайымын ешкіммен бөлісе алмауы. Яғни, әйелдің миында баланың әкесі теріс айналып кетті деген факт қалып қалады, сәйкесінше ол балаға беріледі. Ары қарай, нәрестенің бой жеткен соң әкесімен қарым-қатынасы қалай болатыны маңызды емес, себебі бірінші коммуникация жағымсыз болды. 

Әрине, кейін, әкесі қызын жақсы көреді, қамқорлық танытады. Дегенмен, ең алғашқы эмоция - теріс айналып кету баланың миында бейсаналы түрде қалып қалады. Себебі, әке - бұл баланың өміріндегі алғашқы ер адам, оның орны қашан да бөлек. 
Жақында осы пациентімнің жеке өмірінде жағымды өзгерістер болғанын білдім.

Осы сияқты тағы бір жағдайды мысалға келтірейін. Екі қызы бар әйел УДЗ-дан өтіп жатқанда дәрігер күйеуіне “Құттықтаймыз, сіздерде қыз болады” десе, кабинеттен шығып кеткен екен. Сонда әйелі де: “Ол ұл қалап еді, қап..” депті. Міне, осындай эмоция баланың миына сол кезде-ақ әсер етеді, ол өзін қажетсіз сезінеді. Бірден айту керек, ер адамдармен қарым-қатынаста жолы болмайды. 

Есіміңізді кім және қандай мақсатта бергенін біліңіз

Бір жолы маған жасы 40-қа жеткен пациент келді, оның да бас қатырған мәселесі тұрмысқа шыға алмай жүргендігі еді. Екі жоғары білімі бар. Жетістікке жеткен, фитнес, спортпен де айналысады. Алайда жеке өмірде бақытсыз: ер адамдармен қарым-қатынасы сәтсіздікпен аяқталады. 

Тектану тұрғысынан алғанда бәрі дұрыс болып шықты. Сол кезде мен ол әйелдің есімін сұрадым, есімді оған кім бергенін анықтамақ едім. Алайда әйел өз есімін кім қойғанынан бейхабар еді. Осылайша, оған есімінің қайдан келгені жөнінде сұрастыруды тапсырдым. Менің көзімше, ол анасына қоңырау шалады, бір минут өтпей, менің кабинетімде жылай бастайды. "Қалайша бұлай істедіңдер?!" дейді телефонмен сөйлесіп отырып.

Сөйтсе, жағдай былай болған екен: 

Қыздың отбасында әкесі ерте қайтыс болған. Марқұмның ағасы сол отбасында әкенің рөлін өз мойнына алған. Ағасының қызы туғанда, ол қызға есім береді. Белгілі болғандай, әкесінің ағасы институтта оқып жүргенде, бір қызбен қарым-қатынаста болған, олардың бір-біріне сезімі болса керек, тіпті ата-аналары да білген екен. Келесі жылы той болады деп күтіп жүргенде, әлгі қызды алып қашып кеткен екен. Осындай бақытсыз махаббатының естелігі ретінде ағасы жиеніне бұрынғы сүйіктісінің есімін береді. Демек,  осы есім қыздың өміріне тікелей әсерін тигізіп отыр. 

Қазақстандықтардың 95%-ы есімдерін кім, қалай бергенінен бейхабар

100% сенімділікпен қазақстандықтардың 95%-ы есімдерін кім бергенін, қандай оймен бергенін білмейді деп айтуға болады. Кім қойғанын білсе де, көбі атының тарихын, қандай мақсатта қойылғанын білмей жатады. 

Тағы бір пациентім есімін әкесі өзінің ауырып бала кезде қайтыс болған қарындасына арнап қойғанын айтады. Сонда әкесі қарындасының көзі болсын деп соның есімін берген. Әрбір адамға есімдерінің шығу тарихын білу маңызды. Осылайша, тағдырында болған кей оқиғалар не себепті боп жатқанын түсінуге болады. Ал кейбір адамдарға тіпті есімін өзгерту қажет болуы мүмкін. 

Есім адамның тағдырына тікелей әсер етеді

Тағы бір фантастикалық жағдай болды. Семинар өткізіп болған соң, жаныма Қайрат есімді жігіт келді. Айтуынша, осы уақытқа дейін өзін мазалап жүрген сұрақтың жауабын тапқан. Оның есімін Қайрат Рысқұлбековке арнап берген. Ол 22 жасында қайғылы жағдайда қайтыс болды.

Бұл жігіттің сөзінше, 22 жасында тапа-тал түсте оны белгісіз екі адам келіп пышақтап кеткен. Жақын жерде аурухана табылып, жанын аман сақтап қалған. Өмір бойы неге мен деген сұрақ қойып келдім, дейді ол. Иә, әрине, Қайрат патриот, батыр. Бірақ халықтың жадында оның ғұмыры трагедиямен аяқталды. 

Тән жарасын оймен емдеу адамның бас қатырған проблемаларын, денсаулыққа қатысты ақауларын емдеп қана қоймай, сондай-ақ, осы жағдайлардан алдын алуға көмектеседі. 


 Сұхбаттасқан: Назерке МҰСА

Талқылау