Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар: Бәріміздің баламыз әнші болса ел экономикасын кім көтереді?

Әнші Тамара Асар Қазақстанның болашағы үшін алаңдап жүр. Оның айтуынша, бүгінде ата-аналар жаппай балаларының әнші, биші не күйші болғанын қалайды. Ал бұл Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізуі мүмкін.

тамарин_6

Бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Әншінің Қамбар есімді жалғыз ұлы бар. Бүгінде 9-сыныпта оқитын Қамбардың жасы 14-те. Ол болашақ мамандығын таңдап та үлгерген. Анасын алтынмен аптап, күміспен қаптау үшін Қамбар геолог болуды армандайды.

тамарин_7

«Бір нәрсе қынжылтады. Иделогия қайда бара жатқанын білмеймін. Бірақ бізде әнші, биші, күйші, домбырашы болуға, жалпы сахнаға халық үйір. Бір сұрақ мазалайды. Қазақ елінің экономикасы қайда барады? Бәріміздің баламыз сахнада жүрсе, онымен кім айналасады? Менің балам әншінің баласымын, ал оның баласы күйшінің баласымын, міндетті түрде күйші болуым керек десе, қара жұмыспен айналысады? Баланы ең бірінші еңбекке баулу керек», – деді Тамара бағдарлама барысында.

Сөз арасында әнші ұлының математика мен шахматқа бейім екенін, сондай-ақ, кез келген тілді жеңіл меңгеріп кететінін айтып қалды.

«Сахнаға қатты ұмтылмайды. Өзім «Тамараның ұлы екенсің, ән айта аласың ба» деп сұраса не істейсің? деп желкелеп отырып домбыра үйреттім. Қамбарым музыканы жай қабылдайды. Музыка мектебінен шығып кетті, ол жағынан ұяттымын. Әнші болуға қарсылығы жоқ. жақсы көреді, ұнатады. Бірақ тағаты жетпейді деп ойлаймын. Алғашқы күйін үш жылда үйренсе, қазір отыра қалса жаттап алады. Сахнаға арасында шығып қояды. «Тіптен қолыңнан дым келмей жатса, көрерсің. Бірақ шамаң келгенше нақты ғылымға қарай ұмтыл. Біздің әрқайсысымыздың қазақ еліне тигізген пайдамыз болсын, сенің дәлірек мамандыққа ие болуың керек» деп әркез айтып отырамын. Бүгінде ол геолог мамандығын таңдады», – деп түйіндеді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Тыңдармандар байдың үйінде ән салған Қайрат пен Төреғалиді сынап тастады (видео)

Салтанат Қалиева: Балаларым «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер көп болды

Арыстанбек Мұхамедиұлы Роза Рымбаеваға күтпеген жерден тосынсый жасады

Кәмшат Жолдыбаева өзінен аумайтын егізін тауып алды (видео)

Талқылау