Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандар байдың үйінде ән салған Қайрат пен Төреғалиді сынап тастады (видео)

Желіде елімізге танымал хитмендер Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлінің үйде өткен отырыста ән айтқан видеолары пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

кайрат пен торегали

Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған видеоның сипаттамасында: «Қайраттың осылайша үйде ән салуы қанша тұрады деп ойлайсыз?» – деп жазылған.

Видеода Төреғали әйгілі “Елім менің” әнін орындаса, Қайрат өзінің репертуарындағы “Алматы түні” әнін бейтаныс қызбен бірге шырқаған. Көпшілік бойжеткенді үй иесінің қызы болуы мүмкін деп топшылады.

Мұны көрген желі қолданушылары таңырқап қалды. Олар қос бірдей танымал хитменге өз үйінде ән айтқызған кісінің кім екенін білгісі келді.

Қайрат пен Төреғалиді біреудің үйінде ән салғаны үшін сынға алғандар қатары көп болды.

“Қандай авторитеттің үйінде екен бұл?”, “Ақша не істетпейді”, “Байлар үйіне қызымен дуэт айтқызу үшін шақырған”, “Ұят-ай, ерсі”, – деп пікір білдірді олар.

Есесіне сүйікті әншілерін жақтап, онда тұрған ештеңе жоқ екенін айтқан оқырмандар қарасы да қалың болды.

Жіберіп алмаңыз:

Төреғалидің анасына арнаған әні тыңдармандарының жүрегін елжіретті (видео)

Қайрат Нұртас жанкүйерлерімен бірге караокеде ән салды (видео)

Ninety one тобы: Бізді құбыжық көрудің қажеті жоқ

Салтанат Қалиева: Балаларым «тамақ» деп жылағанда не дерімді білмеген күндер көп болды

Талқылау