Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төреғалидің анасына арнаған әні тыңдармандарының жүрегін елжіретті (видео)

Төреғали Төреәлі анасына ән арнап, тыңдармандарын тәнті етті. Әнші желідегі парақшасына әннің үзіндісін жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz.

ак торе_18

Әнші жаңа әніне Қырғызстан елінің астанасы Бішкек қаласында бейнебаян түсіріп жатқан ұқсайды. Ән авторы бұған дейін де талай хитті жарыққа шығарған ақын – Қайнар Алагөзовтікі.

Желі қолданушыларын Төреғалидің жарық дүние сыйлаған анасына деген махаббатын әнмен жеткізуі тәнті етті. Олар бейнебаянның ескі стильде түсіріліп жатқанын байқап қалды.

“Бойыңдағы талантың мүмкін емес Ақ Төрем”, “Әуені әдемі екен”, “Ана деп ән салудан жалықпа, балам. Анаң әркез жаныңнан табылсын”, “Қазақтың маңдайына біткен біртуар азаматысың ғой”, “Ескі жиҺаздар тұр екен”- деп пікір білдірді олар.

Жіберіп алмаңыз:

Ninety one тобы: Бізді құбыжық көрудің қажеті жоқ

Ерке Есмахан «Баян Есентаева өзінен кеткен қыздардың жолын бөгеп тастайды» дегендерге жауап берді

Меруерт Түсіпбаева өзін бүкіл елмен ырылдасатын арыстанға теңеді

Ақбота Сейтмағамбет: Ешкімнің отбасын бұзған жоқпын

Талқылау