Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерке Есмахан «Баян Есентаева өзінен кеткен қыздардың жолын бөгеп тастайды» дегендерге жауап берді

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінің продюсерімен ара-қатынасы жайында айтып берді. Ол продюсерден кетіп қалмауының себебін түсіндірді. Ерке Баян Есентаеваның іскерлігін, өз ісіне беріле жұмыс істейтін кәсіби маман екенін айтып өтті. Сол сияқты өзінің жеке әнші ретінде, Ерке Есмахан ретінде аяққа тұруына, халыққа танылуына, өз-өзін табуына Баян Мақсатқызының көп көмегі тигенін алға тартты.

баян и ерке_13

Бұл туралы «Астана» арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.

«Жылы жерден кім кетеді? Қыздардың бәрі кетіп қалды ғой, тек өзім үшін жауап берейін. Өзіме өте ыңғайлы. Маған көзқарастары түзу, мені ешкім түрткілемейді. Осынша жылдан бері Баян Мақсатқызымен құрбы ретінде де, сырласып та сөйлесе береміз. Жылы қарым-қатынастамыз. Оны өте бағалаймын. Кеткен күннің өзінде дәл осындай қарым-қатынаста қаламын. Баян Мақсатқызы маған көмектеспесе, еш жамандығы болған жоқ. Өзім студент қыз едім. Академияны бітірер кезде әрі қарайғы өмірім қалай болады деген ойға түстім. Сол кезде маған жол сілтеп, көмек көрсеткен осы кісі», – деп атап өтті Ерке.

Әнші «Баян Есентаева өзінен кеткен қыздардың жолын бөгеп тастайды» дегендерге жауап берді.

«Әр адамда реніш, өкініш болады. Баян Мақсатқызы да ет пен сүйектен жаралған, жүрегі бар адам. Біреуден көңілі қалған, ренжіген тұстары болған шығар. Өсіріп, қызындай көрген адамдар айтса айтып жатқан шығар. Бірақ өз басым қимаймын. Оның қазақ еліне қанша еңбегі сіңді, қанша жобаның бағын ашып жатыр. Рахмет айтудың орнына, қолмен күйе жақса, ол бәрібір жағылмайды деп ойлаймын. Ал жаққысы келген адамның қолында күйе қалады. Ол кісіге шынайы көңіліммен сенемін. Пендешілік тұстары болса, ол да біз сияқты адам. Бастысы, әрбір жобасына жанын беріп жұмыс істейді. Өз басым жақсылықтан басқа ештеңе көрген жоқпын», – деп түйіндеді сөзін Ерке.

Жіберіп алмаңыз:

Динара Адам Баян Есентаевамен не үшін араздасып қалғанын айтып берді

Жанболат әдемі қалпында қалдыру үшін Жазираны тоңазытқышта сақтайтынын айтты

Гүлнұр Оразымбетова тал шыбықтай белін көрсетті (видео)

«Лашын» тобының аруы сұлулығын бағаламаған бейтаныс жігітке ашуланып кетті (видео)

Талқылау